Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері 40 млн теңге парамен ұсталды
Ол аса ірі мөлшердегі ақшаны жалған құжат жасағаны үшін алған
Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы әшкереленді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
«Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманын әшкереледі. Ол «Ж» ЖШС директорынан ЖШС пайдасына салықтық тексерудің оң актісін шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде – 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді», – деді антикор.
Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Оған байланысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Жыл басынан бері 600-ден астам шенеуніктің жемқорлық әрекеті әшкереленді. БҒМ дипломдық жұмыстардың көлеңкелі нарығымен күреспек. Жоғары шенді полицей қылмыстық істі тоқтатқаны үшін пара алған.