Halyq Uni логотип
×

Жоғары шенді полицей қылмыстық істі тоқтатқаны үшін пара алған

Ол жәбірленушіні алдаған

 Қымбат Елтайқызы 24.05.2022 | 16:50
Жоғары шенді полицей қылмыстық істі тоқтатқаны үшін пара алған
фото: Halyq Uni

Полиция генерал-майоры жемқорлық бойынша күдікті деп танылды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

«Биылғы 23 мамырда антикоррупция қызметі 10.07.1963 ж.т., полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлын ұстады. Ол 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының ішкі істер департаменттерін басқарған. Ол соңғы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін «К» азаматының ақшасы мен мүлкін алдап алды деген күдікке ілінді. Сол күні Халықұлы ұсталып, Алматы қаласы полиция депаратментінің уақытша ұстау абақтысына қамалды», – дейді антикор.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама