Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған түркістандық ұсталды
Ол қамауға алынды
Түркістан облысының тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
«Түркістан облысының ҚМА аумақтық департаменті Сайрам ауданы аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топты ұйымдастырып, басқарған жергілікті тұрғынды құрықтады», – дейді агенттік.
Қылмыстық топ бес адамнан құрылған. Оларға қатысты қылмыстық кодекстің 262-ші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазір ұйымдастырушы мен бір сыбайласы ұсталып, Түркістан қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды, – дейді ведомство.
Қарағандыда покер ойынын заңсыз ұйымдастырған азамат сотталды. Құмар ойынға әуес бір қазақстандықтың орташа қарызы 10 млн теңге - депутат. 36 млн теңге салық төлемеген: Қапшағайда заңсыз ойын бизнесі анықталды. Елімізде 700-ге жуық ақпарат ресурсына шектеу қойылды.