×

Алматы мектептерінде 25 млн теңге тиімсіз жұмсалған: екі директорға «қатаң сөгіс» жарияланды

Директор балаларды үйірмелерге өтірік тіркеген

 Ербол Тұрымбет 22.12.2023 | 17:17
көрнекі фото: Halyq Uni

«Әділдік жолы» РҚБ Алматы қаласы филиалы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мониторинг жүргізіп, миллиондаған қаржының тиімсіз жұмсалғанын анықтады. Бұл туралы филиал басшысы Бауыржан Мақұлбаев айтып берді.

Соның бірі, үйірмелерге баратын балаларды «келді», «тіркелді» деп жалған құжат жасаған. Әрі бір балаға бірнеше бағыт бойынша ваучерлер негізсіз беріліп, бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған. Оның үстіне, салық заңнамасының бұзылуы мен басқа да заңбұзушылық анықталған.

Мәселен, жыл басында болған оқиғаны мысалға келтіруге болады. Алматы қаласы прокуратурасының 2023 жылдың қаңтарында берген жауабында тексеру нәтижелері бойынша прокурорлық ден қою актілері енгізілгені, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіле бастағаны айтылған.

Сотқа дейінгі материалдар одан әрі тергеп-тексеру үшін Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілген. Бостандық ауданы сотының 2023 жылдың тамызындағы үкімімен А. С. Чакиев Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі бойынша 5 жылға шартты түрде алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Ал 24 963 011 теңге залал толық көлемде өтелген.

А. С. Чакиевке заңсыз басымдық бергені және Алматы қаласының №10 және №151 мектептерінің директоры Ш.С.Удуримова мен Г.Ж.Молдабаевтың заңбұзушылыққа жол бергені үшін әрқайсы «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жауапқа тартылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама