Көкшетауда шенеуніктер 1 млрд теңгеден аса бюджет қаражатын негізсіз жұмсамақ болған
Кінәлі адамдар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды
Көкшетауда әкімдік 1 млрд теңгеден аса бюджет қаражатын негізсіз жұмсамақ болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қала прокуратурасы тексеру жүргізу барысында жергілікті атқарушы орган нарыққа тиісінше талдау жүргізбей, бағаны негіздеместен және жоғарылатылған баға бойынша трансформаторлық қосалқы станцияны сатып алу үшін 1 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын бөлгенін анықтады.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді. Қаражат басқа да әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға бағытталды, ал кінәлі адамдар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.