Екі апта бұрын «Мюльсервис» компаниясы да көлік жүргізушілеріне жоғары жалақы ұсынатынын хабарлаған еді
Петропавлда көп жылдан бері қоқыс шығару мәселесі шешілмей келе жатыр. Жаңа жыл қарсаңында қала әкімдігі қоқыс шығаратын мердігерлерден осы мәселені шешуді талап етті. Бұл туралы Petropavlovsk.news хабарлады.
Осыған орай қоқыс таситын көлік жүргізушілеріне 350 мың теңге жалақы ұсынылып отыр.
Әлеуметтік желідегі топтардың бірінде «Коммунсервиске» қоқыс шығаратын көлік жүргізушісі керектігі, оған 350 мың теңге жалақы ұсынылатыны туралы хабарландыру жарияланды.
Еске сала кетсек, осыдан екі апта бұрын қоқыс шығарумен айналысатын Мюльсервис компаниясы да көлік жүргізушілеріне айына 300 мың теңге жалақы ұсынатынын хабарлаған еді.