Жалған цифрландыру: Павлодар облысында әкімдік орындалмаған жұмысқа 95 млн теңге төлеген
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Павлодар облысында прокурорлар орындалмаған жұмыстар үшін 95 млн теңге төлеу фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Павлодар облысының прокуратурасымен Цифрлық технологиялар басқармасында бюджет қаражатының жұмсалуын тексеру барысында ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі бойынша нақты көрсетілмеген қызметтер үшін актілерге қол қоюдан көрінген ысырап ету фактісі анықталды.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде өнім беруші ақпараттық жүйелердің бірінің жарамдылығын қамтамасыз етуге міндеттенді. Алайда 2022 жылдың желтоқсанынан бастап бүгінге дейін жүйе жұмыс істемеген. Бұл ретте тапсырыс беруші 95 млн теңге бюджет қаражатын төлеген.
Биыл 30 қарашада Павлодар облысының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі («Аса ірі мөлшерде мүлікті ұрлау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – делінген прокуратура хабарламасында.
Қазір облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.