Halyq Uni логотип
×

БҚО-да ЖШС 158 млн теңге субсидияны заңсыз алған

Малды бордақылау алаңына инвестициялық жобаға жатпайтын өзге де ғимараттар мен құрылыстар салынған

 Динара Амантай 11.12.2023 | 14:14
БҚО-да ЖШС 158 млн теңге субсидияны заңсыз алған
Фото: Halyq Uni

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуратурасымен тексеріс барысында «Мясная Индустрия» ЖШС-ға ірі қара малдарды бордақылау үшін 158 млн теңге заңсыз субсидия беру фактілері анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Осылайша, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша негізсіз субсидиялау белгіленді. Атап айтқанда серіктестіктің өтінімінде 5 мың малға арналған бордақылау алаңын қабылдау туралы көрсетілген. Алайда сараптама қорытындысымен 4 800 мал орны расталған, ал өтінімде жұмыс жобасы болмаған, жобаның орнына өтінімге сметалық құжаттамасы бар сараптама қорытындысы қоса берілген.

Объектінің аумағына инвестициялық жобаға жатпайтын өзге де ғимараттар мен құрылыстар салынған.

Сондай-ақ серіктестік сатып алған 853 асыл тұқымды малдың 536-сы Батыс Қазақстан облысынан тыс жерде болған (ірі қара малдар басқа қожалықтарға жалға берілген).

Аталған жайт бойынша аудан прокуратурасы БҚО ауылшаруашылығы басқармасына ұсыныс енгізді. Басқарма 77 млн теңгенің бордақылау алаңын салу шығындары және 80 млн теңге сомасына асыл тұқымды мал сатып алуға негізсіз субсидия алғаны үшін сотқа талап арыз берді, – делінген хабарламада.

Тек биыл ғана соттың аппеляциялық сатысымен мемлекетке келтірілген шығын толығымен 158 млн теңге көлемінде өндірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама