Оған ақша төлеуден жалтару – 3 АЕК, 1 жыл ішінде қайталап бұзушылықтар үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
Алматы қаласының Алмалы ауданында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады, деп хабарлады Tengrinews.kz.
11 желтоқсаннан бастап Алматы қаласының Алмалы ауданында ақылы тротуар тұрағы минутына төленеді. Бұл ауданда 27 аймақ, 6 504 тұрақ орны жұмыс істей бастайды. Оның 454-і – мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін.
Ақылы тротуар тұрағының жұмыс тәртібі: күн сайын сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін. Бір сағаттың құны – 100 теңге. Уақытты есептеу көліктің автотұрақ аймағына тоқтаған сәтінен басталады. Ақысын алғашқы 15 минут ішінде төлеу қажет.
Тұрақ орны үшін алдын ала төлеу мынадай тәсілдермен жүргізіледі:
Тротуар үлгісіндегі тұрақтар басқа аудандарда кезең-кезеңімен іске қосылады.
Бұзушылықтар автоматты режимде, мобильді кешендермен (арнайы авто) тіркеледі. Ақылы тұраққа ақша төлеуден жалтарғаны үшін айыппұл – 3 АЕК. Бір жыл ішінде қайталап бұзушылықтар болса, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қалада алаңдық типтегі тұрақтар штаттық режимде жұмыс істейді. Резиденттік келісімдер мен абонементтерді ұйымдастыру мәселесі әзірленіп жатыр.