×

Алматыда ертеңнен бастап ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады

Оған ақша төлеуден жалтару – 3 АЕК, 1 жыл ішінде қайталап бұзушылықтар үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады

 Еркеғали Болатұлы 10.12.2023 | 18:00
фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласының Алмалы ауданында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады, деп хабарлады Tengrinews.kz.

11 желтоқсаннан бастап Алматы қаласының Алмалы ауданында ақылы тротуар тұрағы минутына төленеді. Бұл ауданда 27 аймақ, 6 504 тұрақ орны жұмыс істей бастайды. Оның 454-і – мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін.

Ақылы тротуар тұрағының жұмыс тәртібі: күн сайын сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін. Бір сағаттың құны – 100 теңге. Уақытты есептеу көліктің автотұрақ аймағына тоқтаған сәтінен басталады. Ақысын алғашқы 15 минут ішінде төлеу қажет.

Тұрақ орны үшін алдын ала төлеу мынадай тәсілдермен жүргізіледі:

  • «парковки Алматы» мобильді қосымшасы арқылы. Бұл қосымшаны Play Market немесе Apple Store телефондарына жүктеуге болады;
  • almaty-parking.kz сайтында;
  • Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы ақпараттық тақталардағы QR-код бойынша;
  • kassa 24 терминалы;
  • Kcell, Activ, Beeline, Tele2, Altel абоненттерінің 1309 нөмірі бойынша SMS хабарлама жіберіп, тақтада көрсетілген тұрақ нөмірін * авто нөмірі * сағат санын көрсету арқылы ұялы шоттың теңгерімінен тұрақ ақысын төлеуге мүмкіндік бар.

Тротуар үлгісіндегі тұрақтар басқа аудандарда кезең-кезеңімен іске қосылады.

Бұзушылықтар автоматты режимде, мобильді кешендермен (арнайы авто) тіркеледі. Ақылы тұраққа ақша төлеуден жалтарғаны үшін айыппұл – 3 АЕК. Бір жыл ішінде қайталап бұзушылықтар болса, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қалада алаңдық типтегі тұрақтар штаттық режимде жұмыс істейді. Резиденттік келісімдер мен абонементтерді ұйымдастыру мәселесі әзірленіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама