Мемлекет басшысы заңға қол қойды
Қазақстанда 2024 жылдың ең төменгі жалақысы мен айлық есептік көрсеткіші бекітілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Заңға сәйкес 2024 жылдың айлық есептік көрсеткіші, ең төменгі жалақы мөлшері мен зейнетақының ең төменгі мөлшері бекітілді.
2024 жылы елімізде:
Қазір республикада ең төменгі жалақы мөлшері – 70 000 теңге, айлық есептік көрсеткіш – 3450 теңге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 53 076 теңге, ал базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 40 567 теңгені құрайды.