Halyq Uni логотип
×

2024 жылы АЕК пен ең төменгі жалақы мөлшері қандай болады?

Мемлекет басшысы заңға қол қойды

 Айнұр Шошаева 06.12.2023 | 12:03
2024 жылы АЕК пен ең төменгі жалақы мөлшері қандай болады?
көрнекі фото: Halyq Uni

Қазақстанда 2024 жылдың ең төменгі жалақысы мен айлық есептік көрсеткіші бекітілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Заңға сәйкес 2024 жылдың айлық есептік көрсеткіші, ең төменгі жалақы мөлшері мен зейнетақының ең төменгі мөлшері бекітілді.

2024 жылы елімізде:

  • Ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;
  • Айлық есептік көрсеткіш – 3 692 теңге;
  • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
  • Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;
  • Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге.

Қазір республикада ең төменгі жалақы мөлшері – 70 000 теңге, айлық есептік көрсеткіш – 3450 теңге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 53 076 теңге, ал базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 40 567 теңгені құрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама