Halyq Uni логотип
×

«Астана су арнасының» басшысы өзі мен қызметкерлерінің қанша жалақы алатынын айтты

Кейде белгіленген уақыттан тыс артық жұмыс істеп қойса, одан да көп алады

 Еркеғали Болатұлы 05.12.2023 | 15:43
«Астана су арнасының» басшысы өзі мен қызметкерлерінің қанша жалақы алатынын айтты
фото: Halyq Uni

«Астана су арнасы» МКК-нің бас директоры Табиғат Зейнұлқабден бүгін су тарифтерінің өзгеруіне қатысты жиында компания қызметкерлерінің қанша жалақы алатынын айтты.

Оның айтуынша, кәсіпорындағы орташа жалақы мөлшері – шамамен 300 мың теңге, ал өзінің жалақысы – 725 мың теңге.

Тазалаушылардың ең төменгі жалақысы – 180 мың теңге. Машинистер 200 мың теңге алады. Олар күнара жұмыс істейді. Темір ұсталары шамамен 220-230 мың теңге алады. Кейде белгіленген уақыттан тыс артық жұмыс істеп қойса, одан да көп алады. Бүгінде менің жалақым – 725 мың теңге. Инженерлік-техникалық қызметкерлер 400 мың теңгеден астам алады. Ал өндірістік әрі әкімшілік қызметкерлердің орташа жалақысы – 308 мың теңге, – деді спикер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама