БҚО-да 33 жұмысшы бірнеше ай бойы жалақысыз жүрген
Кәсіпорын директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының коммуналдық кәсіпорнында 33 жұмысшы бірнеше ай бойы жалақы алмаған. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.
Мемлекеттен алатын субсидияның есебін уақтылы тапсырмағандықтан жұмысшылар еңбекақы ала алмаған. Прокуратураның араласуынан кейін 4 млн теңгеден астам еңбекақы берешегі жойылды, - деп мәлімдеді ведомство.
Сондай-ақ кәсіпорын директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Кәсіпорынның кірісін өсіру үшін жүмыс орнының жарғысына өзгерістер енгізіліп, көрсетілетін қызмет түрлері кеңейтілді.