Halyq Uni логотип
×

Қазақстандықтар ақшасын доллармен сақтағысы келмейді

Банк жүйесіне деген сенім жоғары

 Дәурен Ерболат 01.12.2023 | 17:20
Қазақстандықтар ақшасын доллармен сақтағысы келмейді
фото: Halyq Uni

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Қазақстандағы банк секторының 2023 жылғы 9 айда атқарған жұмысының есебін берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, биыл қаңтар-қыркүйек аралығында халық пен бизнестің депозиті тұрақты өскен. Алайда долларға сұраныс төмендеген.

Депозиттер 5 жыл ішінде 2 есе өсті. Жыл басынан бастап ұлғаю – 4,8%-ға тең. Бұл банк жүйесіне деген сенімнің жоғары деңгейін растап отыр. Депозиттік базаны долларландыру деңгейі жыл басынан бері 36,7%-дан 29,5%-ға дейін төмендеді, - деді Олжас Қизатов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама