Halyq Uni логотип
×

Елордада банкомат операциясын шала орындаған әйел қалған ақшасынан айырылды (ВИДЕО)

Ұрының елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 28.11.2023 | 15:44
Елордада банкомат операциясын шала орындаған әйел қалған ақшасынан айырылды (ВИДЕО)
фото: Halyq Uni

Астана қаласы Есіл аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері өзгенің шотынан ақша ұрлады деген күдікпен 38 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Бұл туралы Астана қалалық полициясының ресми Instagram-парақшасында хабарланды.

Тергеу барысында ер адамның күндіз Есілдің сол жағалауындағы банктердің біріне келгені белгілі болған. Ол банк клиентінің банкомат арқылы қолма-қол ақшаны шешіп алып, операцияны соңына дейін аяқтамай кетіп қалғанын байқайды. Қылмыстық оймен күдікті жәбірленушінің банк менеджерімен сөйлесіп тұрғанын пайдаланып, оның шотынан 50 мың теңгені ұрлап алып, кеңседен шығып кеткен.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам қылмысын мойындаған. Енді оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды ескертеді. Банкоматтар арқылы қолма-қол ақшаны алу кезінде мұқият болыңыз. Кез келген операцияны соңына дейін орындап, «басты бетке» өтуді ұмытпаңыздар. Сондай-ақ азаматтарға ескертеміз, егер Сізге қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалса, дереу полицияға «102» арнасы немесе мобильді қосымша арқылы хабарлаңыз, - делінген полиция хабарында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама