Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысының әкімі 1,7 млн теңге жалақы алады

Ол қарапайым отбасында тәрбиеленген

 Дәурен Ерболат 27.11.2023 | 16:03
Павлодар облысының әкімі 1,7 млн теңге жалақы алады
фото: Halyq Uni

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жалақысы 1,7 млн теңге екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Орталық коммуникация қызметінде журналист Асайын Байхановқа «Бүгінде жалақыңыз қанша?» деген сұрақ қойды. Облыс әкімі әңгімені алыстан бастады.

Адамның жалақысы қанша болса да ол қажеттілікті толық өтеуге жетпейді. Мұны мен өз тәжірибемнен білемін. Мен қарапайым отбасында өстім. Әкем ауылда қарапайым жүргізуші, кейін комбайн жүргізушісі, гараждың меңгерушісі болды. Анам ауылда дәрігер-акушер болып еңбек етті, - деді ол.

Сондай-ақ өзінің жоғары жалақы алу үшін білім алып, жастайынан ерінбей еңбек еткенін алға тартты.

1994 жылы алғашқы жалақым 3 мың теңге болды. Студент кезімнен бастап жұмыс істедім. Шетелде білім алдым. 10 жыл қаржы секторында тер төктім. 3 жоғары білім алдым, шетелде оқыдым. Сондай-ақ 14 жыл жеке бизнесте жұмыс істедім. Менің жалақым басқа әріптестерімдікі сияқты, - деді облыс әкімі сұраққа нақты жауап бергісі келмей.

БАҚ өкілі сұрағын нақтыламақ болғанмен оған мүмкіндік берілмеді. Бірақ келесі журналист те әкімнің еңбекақысын сұрады. 

«1 млн 700 мың теңге жалақы аламын», - деді Асайын Байханов амалсыздан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама