18 кәсіпорын басшыларына айыппұл салынды
Қызылорда облысында жыл басынан бері 18 кәсіпорынның жұмысшыларға жалақыға 32,2 млн теңге берешек екені анықталған. Тиісті шаралардың нәтижесінде 205 адамның берешегі өтеліп, жұмыс берушілерге заң аясында айыппұл салынды.
Биыл облыстық бақылау жөніндегі басқарманың ықпалымен 250 тексеріс жүргізілген. Анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде 212 нұсқама берілген.
Жыл басынан бері облыстың еңбек инспекторлары 18 кәсіпорынның жұмысшыларға 32,2 млн теңге берешегін анықтаған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 205 жұмысшының берешегі өтеліп, жұмыс берушілерге заң аясында айыппұл салынды.
Сондай-ақ биыл басқарма тарапынан көрсетілетін 5 түрлі мемлекеттік қызметті алуға «Е-лицензирование» порталы арқылы 968 өтініш түсті. Оның 446-сы лицензиялар мен аттестаттарға берілсе, 238 өтініштен адамдардың біліктілік талабына сәйкес келмеуі және құжаттарын толық ұсынбауы себепті бас тартылды», - деді облыстық бақылау жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Мырзабеков.