Halyq Uni логотип
×

«Жұмысқа кіру үшін ақша төлейді»: ҚТЖ төрағасы теміржолшылардың жалақысы жоғары екенін айтып мақтанды

Олардың еңбекақысын көтеруге 214 млрд теңге жұмсалған

 Дәурен Ерболат 21.11.2023 | 14:58
«Жұмысқа кіру үшін ақша төлейді»: ҚТЖ төрағасы теміржолшылардың жалақысы жоғары екенін айтып мақтанды
фото: Halyq Uni

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев бүгінде теміржолшылардың жалақысы жоғары екенін, кейбір адамдар жұмысқа кіру үшін ақша төлейтінін айтып мақтанды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде ұлттық компанияда 100 мыңнан аса адам жұмыс істейді.

Олардың (жалақысын) 1 мың теңгеге көтерсең, әжептәуір ақша шығады. Премия беру де маңызды. Соңғы 3 жылда теміржолшылардың жалақысын көтеруге 241 млрд теңге жұмсалды. Осы уақытта олардың орташа жалақысы 2 есе көтерілді. Қазір олар шамамен 430 мың теңге жалақы алады. Енді төменгі айлық – шамамен 160 мың теңге, - деді Нұрлан Сауранбаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Сондай-ақ басқарма төрағасы компанияға кіру үшін кейбір жұмысшылар ақша беруге дайын екенін жеткізді. Оның пікірінше, бұл компаниядағы жалақының жоғары екенін көрсетеді. 

«Коррупция мәселесі барын айтады. Қазір адамдар теміржолға жұмысқа кіру үшін ақша төлеп жатыр. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Біріншіден, бұл біздің (ҚТЖ) айлығымыздың жоғары екенін көрсетеді. Екіншіден, сіз биыл ТОП-3 жұмыс берушінің тізімін көрдіңіз бе? «ҚТЖ» АҚ ТОП-3 жұмыс беруші компанияның тізіміне енді», - деді Нұрлан Сауранбаев мақтанып.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама