Ол WhatsApp желісінде топ ашып, Қытайдан төмен бағада ыдыс-аяқ жеткізетінін хабарлаған
Маңғыстау облыстық полиция бөлімшесіне 250-ге жуық арыз түсіп, арбау жолымен елдің ақшасын жинап алған әйелге шағымданушылар қатары артып отыр. Ол Қытайдан төмен бағамен ыдыс-аяқтар жеткізіп беруге уәде берген, деп хабарлады mangystaumedia.kz.
Нұргүл есімді келіншек WhatsApp желісінде топ ашып, Қытайдан төмен бағада ыдыс-аяқ жеткізетінін хабарлаған. Тауарды жеңілдікпен алу механизміне мүмкіндігінше тапсырыс берушілерді көптеп тартқан. Соның ішінде алаяққа алданған бір ғана адам 3 мыңға жуық адамды шақырған. Қазір келтірілген материалдық шығын көлемі 3 млрд теңгеге жетті.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің («Аса ірі мөлшердегі алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір 39 жастағы әйел қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі.