Halyq Uni логотип
×

СҚО-да әкімдік қызметкерлері 4,3 млрд теңгені негізсіз жұмсамақ болған

Әкімдік қызметкерлері мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жүйелі бұзып отырған

 Динара Амантай 16.11.2023 | 09:16
СҚО-да әкімдік қызметкерлері 4,3 млрд теңгені негізсіз жұмсамақ болған
Фото: Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары бюджеттік қаражатты жұмсау саласында талдау жүргізу барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жүйелі бұзуды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, қалалық құрылыс бөлімінің лауазымды адамдары «Мемлекеттік сатып алу және сәулет, қала құрылысы саласы туралы» ҚР Заңдары талаптарын бұза отырып, 2,5 млрд теңгеге көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алуларды жер учаскесіне құқықты анықтайтын құжаттарсыз жүргізген.

Басқа жағдайда, облыс әкімдігінің лауазымды қызметкерлері Бюджеттік кодекстің талаптарына қарамастан, ешқандай негізсіз ғимарат сатып алу үшін 1,1 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын бөлген. Сондай-ақ бюджет қаражатына әлеуетті жеткізушілер үшін негізсіз шектеулермен ашық конкурс арқылы сатып алуды жүргізген, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қадағалау органының актілері бойынша жоғарыда аталған сатып алулар бұзылып, жергілікті атқарушы органдардың кінәлі қызметкерлері әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Аталған салада жыл басынан бері қадағалау органының актілері бойынша жергілікті атқарушы органдардың 59 лауазымды тұлғасы әртүрлі жауапкершілікке тартылып, 19 мемлекеттік сатып алу бұзылды. Нәтижесінде 4,3 млрд теңге бюджет қаражатын жұмсаудың алды алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама