Бұл сұраққа білім және ғылым министрлігі жауап берді
Қазақстандықтар «көпбалалы отбасымыз, жолдаманы қайдан, қалай алуымызға болады?» деп сұрапты. БҒМ балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули жолдама алу үшін білім беру ұйымы бірінші басшысының атына өтініш жазу керек дейді.
Жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдама:
«Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру әрі жолдама беру жергілікті атқарушы органдар құзыретінде және олардың қаражатына байланысты үлестіріледі. Жазда 11 мыңнан астам мектеп жанындағы әрі қала сыртындағы сауықтыру лагері жұмыс істейді. Биыл өткен жылмен салыстырғанда жарты миллион немесе 500 000-ға артық бала лагерьде демалады. Ал жазғы сауықтыру демалысымен қамтылатын балалардың жалпы саны 2 млн 300 мыңнан асады», - деді Паули.