×

Жемқорлықпен ұсталғандар мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды - вице-министр

Заң жобасы аясында бақылаушы органның рөлін қайта қарау ұсынылды

 Еркеғали Болатұлы 13.11.2023 | 17:30
фото: Halyq Uni

«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң жобасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған ережелер қарастырылған. Бұл туралы аталған құжатты Мәжілісте таныстыру кезінде Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл айтты.

Мемлекеттік сатып алуды іске асыру қағидаттарының қатарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзу әрекеттеріне, мүдделер қақтығысына жол бермеу қосылды. Осы ретте әлеуетті өнім беруші, оның басшысы немесе құрылтайшылары бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаса, онда мемелекеттік сатып алуларға қатыса алмайды, - деді Дәурен Кеңбейіл.

Қазір бұл заң жобасы аясында сатып алу үдерісін реттеуді оңайлату және бюрократиядан арылту мақсатында шағымдарды қараудың жаңа тетігін енгізу және бақылаушы органның рөлін қайта қарау ұсынылып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама