Halyq Uni логотип
×

Костенко шахтасында қаза тапқандардың отбасыларына 10 жылдық жалақы төленді

Сондай-ақ компания әрбір отбасына кемінде 18 шаршы метр пәтер сатып алуға міндеттенеді

 Еркеғали Болатұлы 12.11.2023 | 10:44
Костенко шахтасында қаза тапқандардың отбасыларына 10 жылдық жалақы төленді
фото: Halyq Uni

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің отбасына он жылдық жалақы төледі.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев брифингте қаза тапқандардың отбасына көрсетілген материалдық көмек туралы айтты.

АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 41 отбасыға 10 жылдық жалақы төледі. Қаза тапқан кеншілердің, олардың жұбайларының, ата-аналары мен балаларының несиелері өтелді. Сондай-ақ компания әрбір отбасына кемінде 18 шаршы метр пәтер сатып алуға міндеттенеді. Сақтандыру төлемдері, ЖОО-да 23 жасқа дейінгі балалардың оқу ақысы қарашада оқу мерзіміне төлене бастайды, - деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Облыс басшысы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына мемлекет тарапынан да қаржылай қолдау көрсетілгенін атап өтті. 46 отбасы БЖЗҚ-дан жерлеуге арналған бір реттік төлемге құжат алса, бүгінде 42-сі төленді, қалғандары төлемді алып жатыр.

Республикалық бюджеттен кәмелетке толмаған және жоғары оқу орындарында оқитын балалары бар 20 отбасына асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды. Сонымен қатар, қаза тапқан кеншілердің отбасыларына басқа да қолдаулар көрсетіледі, - деді әкім.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама