Halyq Uni логотип
×

Биыл 1 мыңға жуық кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлемей келген

Олардың жалпы берешегі – 5,3 млрд теңге

 Еркеғали Болатұлы 06.11.2023 | 17:03
Биыл 1 мыңға жуық кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлемей келген
фото: Halyq Uni

1 қарашадағы жағдай бойынша 915 кәсіпорынның 24 мың жұмысшыға 6,2 млрд теңгеден астам жалақы қарызы бар екені анықталды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 218 нұсқама беріліп, 169,3 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестеcі мен мерзімін белгілеу нәтижесінде 21 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 5,3 млрд теңге төленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама