×

Маңғыстау облысында жұмысқа орналаспақ болған тұрғын 1 млн теңгесінен айырылды

Күдікті оны Жетібай ауылындағы жұмыссыздардың митингіне шақырған

 Еркеғали Болатұлы 06.11.2023 | 15:27
фото: Halyq Uni

Маңғыстау облысында алаяқ қала тұрғынын мұнай компаниясына жұмысқа орналастырамын деп алдап, ақшасын жымқырған.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз ер адам оған «ОйлСервисКомпани» ЖШС-не жұмысқа орналасуға көмектесемін деп уәде беріп, ақшасын алып кеткен.

Алаяқ жәбірленушіден 1 миллион теңге көлемінде ақша алған. Сонымен қатар алаяқтық жасаған күдікті жәбірленушіні Жетібай ауылындағы жұмыссыздардың митингіне шақырып, митинг арқылы жұмысқа орналастырамын деп уәде берген. Жәбірленуші мұның бәрі алаяқтық екенін түсінген бойда дереу құқық қорғау органдарына хабарлаған, - делінген хабарламада.

Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған.

«Қарақиян ауданының тұрғыны Ж. Көкбаевқа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша фактілер тіркелді. Тергеу күдіктінің тағы қанша азаматты дәл осылай алдағанын анықтап жатыр», - деп хабарлады басқарма.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама