Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Қымбат Елтайқызы

Қазақстанда зейнеткерлер саны екі миллионнан асады екен

коллаж: Halyq Uni

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны 2 млн 245 мыңнан асты, деп мәлімдеді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

«Зейнетақы төлемдерінің орташа көлемі (базалық зейнетақы төлемін ескергенде) 105 193 теңге болды», – дейді ведомство.

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 939,3 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. 2022 жылғы сәуірде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,4 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 71,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 163,1 млрд теңге бөлінді.

«Зейнет жасын төмендетуге қарсы емеспін»: министр мәлімдеме жасады. Қарттар үйі тұрғындарының зейнетақысы мен жәрдемақысын ұрлағандар қамауға алынды