Талғар ауданының экс-әкіміне 60 млн теңге шамасында айыппұл салынды
Үкім заңды күшіне енген жоқ
Алматы облысы Талғар аудандық сотының үкімімен Талғар ауданының бұрынғы әкімі Ерекешев сотталып, оған 59,4 млн теңге айыппұл салынды. Дәл осы үкім бойынша Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шамаевқа 29,7 млн теңге айыппұл салумен сотталды.
Аталған лауазымды тұлғалар ЖШС директорынан сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және ЖШС-ті мемлекеттік қызметтерді жосықсыз жеткізуші деп тану туралы сотқа талап-арыз жібермеу үшін 2 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Серікжан Ерекешев 2020 жылдың тамызы мен 2021 жылдың қаңтары аралығында Талғар ауданының әкімі болды.