Halyq Uni логотип
×

Алматыда институт директоры мемлекеттік мекемеде майнингпен заңсыз айналысқан

Сұр майнингпен айналысқан мемлекеттік кәсіпорын басшысы ұсталды

 Айнұр Шошаева 17.05.2022 | 12:00
Алматыда институт директоры мемлекеттік мекемеде майнингпен заңсыз айналысқан
фото: 2gis.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық ізденістер мемлекеттік институты» ШЖҚ РМК директоры «М»-ге қатысты аталған мемлекеттік кәсіпорында майнинг фермасын заңсыз орнату бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Тергеу барысында директор кіріс алу мақсатында мемлекеттік мекеменің әкімшілік ғимаратының аумағында криптовалютаны өндіруге арналған цифрлық майнинг фермасын орнату арқылы заңсыз көлеңкелі бизнесті ұйымдастырғаны анықталды.

Бұл ретте, майнинг операциялар үшін электр энергиясын тұтыну мемлекеттің бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама