×

Биыл Қазақстаннан 5 елге 3,8 млн доллардың гуманитарлық көмегі жіберілген

Енді палестиналықтарға 294 миллион доллардың көмегі қажет

 Еркеғали Болатұлы 19.10.2023 | 17:35
фото: kazlenta.kz

Биыл жыл басынан бері Қазақстан сырт елдерге 3,8 миллион доллардың гуманитарлық көмегін жіберген. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.

Соңғы рет еліміз 7 қазанда күшті жер сілкінісі болған Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді. Ол жаққа үйінді астынан адамдарды құтқаруға практикалық көмек көрсету үшін құтқарушыларымыз да барды.

Жалпы, 2023 жылы қазақстандық гуманитарлық көмектің басым бөлігі Тәжікстан (1,7 миллион доллар) мен Ауғанстанға (1,6 миллион доллар) жіберілген. Ал ақпан айында күшті жер сілкінісі болған Түркияға 338 мың доллар және Сирияға 11,5 мың долларлық гуманитарлық көмек барған. Ал соғыс жалғасып жатқан Украина жеріне 101 мың доллар көмек жіберілді.

Қазақстан жіберген гуманитарлық көмектің ең көп көлемі – азық-түлік тауарларына шамамен 2 миллион доллар кеткен. Одан кейінгі орында киім-кешек пен аяқ киімге 168,1 мың, машиналар мен жабдықтарға 88 мың доллар жұмсалған.

Бұл аталған қаражат көлемі – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 3 есе аз.

Енді қазір БҰҰ әлем қауымдастығын палестиналықтарға гуманитарлық көмек көрсету үшін 294 миллион доллар жинауға шақырып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама