Жыл аяғына дейін тағы 180 миллиард теңгені қайтару жоспарланған
Былтырдан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекетке ақша, жылжымайтын мүлік және басқа да мүлік түрінде 856 миллиард теңге қайтарған.
Бұл туралы заңсыз алынған активтерді қайтару мәселесіне арналған баспасөз мәслихатында Антикордың соталды тергеу қызметінің басшысы Қанат Сүлейменов мәлімдеді.
Оның айтуынша, тек «ӨКМ операторы» ісі бойынша 180 миллиард теңге қайтарылған.
Ақшаның бір бөлігі жеңілдетілген автокөлік несиесіне жұмсалды. Барлық қаражат әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалады. Жыл аяғына дейін тағы 180 миллиард теңгені қайтаруды жоспарлап отырмыз. Бұған шетелдегі ақша, мүлік, қымбат көліктер де кіреді. Істер әлі тергеліп жатыр, - деді Қанат Сүлейменов.