×

БҚО-да 10,6 млн теңгенің 14 гранты іске аспаған

Бүгінде 6 адам мемлекеттік бюджетке 4 млн теңгеден астам сомаға іске асырылмаған гранттарды қайтарды

 Динара Амантай 10.10.2023 | 09:53
Фото: Halyq Uni

Орал қаласының прокуратурасы қалалық жұмыспен қамту орталығын тексеру барысында «жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атап айтқанда, грантты алған 14 адам ақшаны мақсатты пайдаланғанын растау үшін бұрын союға жіберілген, туыстарына тіркелген үй жануарларын, ұсақ малды сатып алу туралы жалған құжаттарды, тауарлық чектерді ұсынған.

Сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті іске асырмағандардың бизнес-жобаны іске асыру үшін гранттар алғаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша сот тәртібімен 8 қатысушыдан 5,1 млн теңге мөлшерінде ақша өндіріп алу туралы талаптар қанағаттандырылып, 2 азаматпен 2,4 млн теңгені қайтару туралы бітімгершілік келісімдер жасалды. Ал 4 тұлғамен мемлекеттік бюджетке берілген гранттардың сомасы ерікті түрде өтеліп жатыр, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бүгінде 6 адам мемлекеттік бюджетке 4 млн теңгеден астам сомаға іске асырылмаған гранттарды қайтарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама