Halyq Uni логотип
×

Бір апта ішінде 6 жол учаскесінде ауыр көліктерден ақы алына бастайды

Бүгін ондай жүйе «Павлодар-Семей-Қалбатау» күрежолында іске қосылды

 Еркеғали Болатұлы 08.10.2023 | 11:00
Бір апта ішінде 6 жол учаскесінде ауыр көліктерден ақы алына бастайды
фото: Қазавтожол

8 қазаннан бастап II және III техникалық санаттағы жолдарда ақы алу жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу процесі басталды, деп хабарлады «Қазавтожол».

Бүгін «Павлодар-Семей-Қалбатау» күрежолында ақы алу жүйесі іске қосылды.

Содан соң мына 5 жол учаскесінде ақы алына бастайды:

  • 9 қазанда «Бейнеу-Ақжігіт»;
  • 10 қазанда «Орал-Самара»;
  • 14 қазанда «Павлодар-Омбы»;
  • 16 қазанда «Көкшетау-Петропавл» күрежолдарында жаңа өзгеріс күшіне енеді.

Сонымен қатар «Орал-Саратов» жолында ақы алу жүйесін іске қосу туралы бұйрық келісудің соңғы сатысында тұр.

Жеңіл көліктер төлемнен босатылды. Жол ақысын 2-6 санатқа жататын жүк көліктері төлейді.

1. жеңіл көліктер – 0 тг/км (босатылған);

2. 16 орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейін – 5 тг/км;

3. 32 орындық автобустарға және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк көліктеріне – 10 тг/км;

4. 32-ден астам орындық автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 15 тг/км;

5. жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 20 тг/км;

6. жүк көтерімділігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері – 25тг/км.

Ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем қарастырылған. Жазылымның айлық құны 1-ден 5 АЕК-ке дейін болады. Жылдық абоненттік құны 12-ден 60 АЕК-ке дейін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама