Оларға 5,2 млрд теңге төленді
1 қазандағы жағдай бойынша республиканың 827 кәсіпорны 20,6 мың жұмысшыға жалақы бойынша 5,9 млрд теңгеден астам берешек екені анықталды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 127 нұсқама беріліп, 134,9 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 18 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 5,2 млрд теңге төленді.