Шоттағы 100 млрд теңге жеңілдетілген автонесиелеуге жұмсалады
Еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Оператор РОП» ЖШС-ның шоттарына салынған шектеулердің алынып тасталғанын мәлімдеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп қабылданған шаралардың нәтижесінде «Оператор РОП» ЖШС-ның 198 млрд теңгесі бар шотынан бұрын салынған шектеулер алынды. Үкімет одан 100 млрд теңгесін жеңілдетілген автонесие алуға, қалған қаржыны басқа әлеуметтік жобаларға жолдады, – деп жазды Асылов.
Еске сала кетсек, 2022 жылы 19 қаңтарда Үкімет «Оператор РОП» ЖШС-ның кәдеге жарату жөніндегі қызметін тоқтату туралы қаулы қабылдаған болатын.
26 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері бұрынғы Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «Оператор РОП» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевті сыбайлас жемқорлыққа байланысты күдікпен ұстады.
Наурызда «Оператор РОП» ЖШС-ның бұрынғы бас директоры 20 млрд теңге ұрлады деген күдікке ілінді.