Жыл сайын бақылауды арнайы аттестацияланған тексерушілер жүргізбек
Сауда және интеграция министрлігі елімізде тұтынушыны алдап, таразыдан пайда тапқысы келген саудагерлерге айыппұл салынатынын мәлімдеді.
Енді жыл сайын бақылауды арнайы аттестацияланған тексерушілер жүргізіп, электронды таразыдан қандай да бір шикілік тапса, кәсіпкерді әкімшілік жазаға тартады.
Бұл үшін кәсіп иелері 100 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Мұндай тексеріске шағымдардың жиілеп кетуі себеп болған. Сондықтан ел азаматтары бұл жаңалықты бірауыздан қолдап отыр.