Қылмыстық іс бойынша айыпталған үш адамға сот үкімі шықты
Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотында қаланың бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың отбасынан тәркіленген активтерді арзан бағаға сату әрекеті бойынша экс-шенеуніктерге сот үкімі шықты.
Қылмыстық іс бойынша үш адам айыпталды. Олар:
Тергеу ақпаратына сәйкес, Алматының қылмыстық істер жөніндегі ауданарылық соты 2018 жылдың 8 қазанында Храпуновтың отбасының мүлкін тәркілеген. 2019 жылы Талғат Мұханов тәркіленген мүлікті нарықтағы бағадан арзанға сатып алған. Ол кезде Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тұрған Ильяс Өсеров пен қала әкімдігінде басшылық лауазымды атқарған Айнұр Құдайбергенова Талғат Мұхановқа жылжымайтын мүлікті арзанға сатып алуға жағдай жасаған.
Сотта мемлекетке келтірілген шығын 819 млн теңге деп есептелді. Сот кабинетіндегі ақпаратқа сәйкес, Талғат Мұхановқа қатысты қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша айып тағылған.
Ильяс Үсеров, Айнұр Құдайбергеноваға қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөілігі – 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық әрекетке жәрдемдесу) бойынша айып тағылған.
2023 жылдың 26 қыркүйегінде істі қараған судья Залина Махарадзе Ильяс Өсеровті 5 жылға бас бостандығынан айырды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметті атқара алмайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұханов 8 жылға сотталды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметті атқара алмайды, сондай-ақ полковник шенінен айырылды.
Айнұр Құдайбергенова 5 жылға бас бостандығынан айырылды, ол мемлекеттік қызметті өмір бойы атқара алмайды.