Halyq Uni логотип
×

«Астана LRT» ісі бойынша сотталған Талғат Әшім бостандыққа шықты

Елордадағы LRT құрылысын аяқтауға қажет қаржыны 3,25 пайыздық несие арқылы жабу көзделіп отыр

«Астана LRT» ісі бойынша сотталған Талғат Әшім бостандыққа шықты
көрнекі фото: tengrinews.kz

«Астана LRT» ісі бойынша сотталғандардың бірі Талғат Әшім бостандыққа шықты. Бұл туралы оның адвокаты Джохар Өтебеков мәлімдеді.

Менің клиентім Талғат бостандыққа шықты! Ол ешқайда кетпеу туралы қолхат берді. Бізді қолдағандардың барлығына рахмет! Бұл өмірдегі керемет және қиын жеңіс! - деп жазды Өтебеков Facebook желісінде.

Айта кетері, Astana Innovations басқармасының экс-төрағасы Талғат Әшім 2021 жылдың мамырында жеті жылға бас бостандығынан айырылды. 7 қазанда Нұр-Сұлтан сотының сот алқасы елордада LRT жобасын іске асыру кезінде қаржы жымқыру дерегі бойынша айыпталушыларға қатысты үкімді жойып, заңбұзушылықтарды жою үшін істі прокурорға қайтарды. Алайда айыпталушыларды «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды. Оның қатарында Талғат Әшім де бар.

Антикордың мәліметінше, LRT жобасын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын жымқырды деген қылмыстық іс бойынша «Астана LRT» (қазіргі атауы City Transportation Systems) компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен Нұр-Сұлтан (Астана) әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке «қызыл бюллетень» бойынша халықаралық іздеу жарияланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама