Halyq Uni логотип
×

Елімізде қосымша табысқа да салық салынуы мүмкін

Өзгерістің табысы орташа қазақстандықтарға қатысы жоқ

 Дәурен Ерболат 19.09.2023 | 14:40
Елімізде қосымша табысқа да салық салынуы мүмкін
фото: Halyq Uni

Бүгінде пассив табысы бар қазақстандықтарға қосымша салық салынуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда жеке тұлғалар үшін бірдей салық жүктемесі болады.

Әлеуметтік салыққа тоқталайын. 2000 жылы ол 29% деңгейінде болған. Қазір салық жүктемесі – 19%. Жеке табыс салығы (ЖТС) қайта қаралмайды. Бірақ біз ЖТС-ны каскад түрде салуды жоспарлап отырмыз, яғни пассив кірістерге, акцияларға, облигацияларға, басқа да бағалы қағаздарға прогрессив, пассив кірістің құны неғұрлым жоғары болады. Мысалы, 100 млн теңгеден 150 млн теңгеге дейін 15% болса, 300 миллионнан аса теңгеге 20%-дан жоғары болады. Бұл орта табысы барларға әсер етпейді, - деді Әлібек Қуантыров Үкіметтің баспасөз орталығында.

Бұған дейін министр Қазақстанда 10 пәтері бар азаматтар үшін салықтың бірнеше есе көбейетінін айтқан еді.

Әлібек Қуантыров бұл мәселелер жаңа Салық кодесінде қаралатанын, қазір оның тетіктері талқыланып жатқанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама