Экономика министрі ен байлыққа қосымша салық салу дұрыс деп есептейді
Қазақстанда 10 пәтері бар адамдарға салынатын салық көлемін көбейту мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Министр ен байлыққа қосымша салық салу дұрыс деп есептейді.
«Мысалы, адамда ауданы 50 шаршы метр болатын 10 пәтері бар дейік. Ол әрбір пәтеріне 11 мың теңге салық төлейді. Әрбір объект 10 мың теңгеден саналып, 10 нысанға жалпы 100 мың теңге (салық) салынады. Енді біздің көзқарасымыз барлық объектіні біріктіру болып тұр. Нысанның құны жоғары болса, салынатын салықтың құны соғұрлым жоғары болады. Мысалы, біз осы 10 нысанның барлығын қоссақ, онда 100 млн теңге болады. Тиісінше, салық та жоғары болмақ. Енді 10 пәтер үшін жылына салынатын салық 100 мың теңге емес, 400 мың теңгеге жуық, яғни салық 4 есе артады. Негізінен бұл – әділетті», - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.
Сондай-ақ Әлібек Қуантыров қымбат алкогольге де қосымша салық салынуы мүмкін екенін атап өтті.
Мысалы, 50 жыл сақталған Macallan (вискиі) 6-7 млн теңге тұрады. Оның акцизі – 700 теңге. Оны біз мың есе арттырып, құнын шамамен 10%-ға көбейтеміз, - деді министр.
Министр бұл мәселелер жаңа Салық кодесінде қаралатанын, қазір оның тетіктері талқыланып жатқанын жеткізді.