Halyq Uni логотип
×

Жұмыспен қамту орталығының мамандары аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырған

Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр.

 Динара Амантай 18.09.2023 | 09:53
Жұмыспен қамту орталығының мамандары аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырған
Фото: Halyq Uni

Алматыда Жұмыспен қамту орталығының мамандары аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала прокуратурасының мәліметінше, прокурорлар Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тексеру жүргізген. Оның қорытындысы бойынша «Еңбек» бағдарламасы арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жұмыспен қамту орталығының мамандары азаматтарды жалған жұмысқа орналастыру, жалақыны жинау және жұмысқа орналастыруға жатпайтын адамдардың есепшоттарына ақша аудару арқылы жұмыс орындарын субсидиялауға бөлінген 370 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама