Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысының шенеуніктері 14,4 млн теңге айыппұл арқалады

Егер заңбұзушылықтар қайталанса, олар орындарын босатады

 Еркеғали Болатұлы 15.09.2023 | 14:44
Жетісу облысының шенеуніктері 14,4 млн теңге айыппұл арқалады
көрнекі фото: Halyq Uni

Панфилов ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің мемлекеттік сатып алу туралы заңнама ережелерін қолданбай, тауарлар мен қызметтерді бұзушылықпен сатып алғанын анықтады.

Атап айтқанда, «Арай» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны тек жүкқұжат бойынша 1,9 млн теңгеге шаруашылық тауарларын сатып алған.

Олар сатып алу және шарт жасасу тәсілдерін қолданбай, жалпы сомасы 4,5 млн теңгеге тауарлар, жұмыс пен қызметтер сатып алған 10 мемлекеттік мекемені анықтады. Мұндай әрекеттер әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру қағидатын («Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 4-бабы) бұзды және бірқатар бизнес субъектілерінің құқығын шектеуге әкелді, - дейді облыстық прокуратура өкілдері.

Заңсыз әрекеттері үшін мекеме басшылары прокуратураның қадағалау актісі бойынша ӘҚБтК-нің 163-бабы 3-бөлігі («Жосықсыз бәсекелестік») бойынша жалпы сомасы 14,4 млн теңге айыпұл арқалады. Егер заңбұзушылықтар қайталанатын болса, шенеуніктердің орындарын босатуына тура келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама