Halyq Uni логотип
×

БҚО-да мемлекеттік кәсіпорын микшерлі консольды 10 есе қымбатқа сатып алмақ болған

Еріктілердің бастамасымен Антикордың өңірлік департаменті ұсынымдар енгізді

 Динара Амантай 14.09.2023 | 15:14
БҚО-да мемлекеттік кәсіпорын микшерлі консольды 10 есе қымбатқа сатып алмақ болған
Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

БҚО-да бір кәсіпорын микшерлі консольды 10 есе қымбатқа сатып алмақ болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында еріктілер мемлекеттік сатып алу веб-порталына мониторинг жасап, оның барысында мемлекеттік орган тарапынан тауарларға сатып алу бағасын көтеру фактілері анықталды.

Мемлекеттік кәсіпорын 13 млн теңгеге (1 данасы – 1 млн 300 мың теңге) 10 дана микшерлі консольды сатып алуды жоспарлаған. Алайда аталған тауардың нарықтағы бағасы – 126 мың 579 теңге.

Еріктілердің бастамасымен Антикордың өңірлік департаменті ұсынымдар енгізді. Нәтижесінде мемлекеттік кәсіпорын тауардың бағасын қайта қарап, 9 млн 202 мың 630 теңге бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына жол берілмеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама