«Қазаэронавигация» бағдарламалық-аппараттық кешенді үш есе қымбатқа сатып алмақ болған
1,2 млрд қазынада қалды
«Әділдік жолы» РҚБ Астана қаласы филиалы биыл тамызда қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент қызметкерлерімен бірлесіп мемлекеттік сатып алу порталында мониторинг жүргізіп, тауарлар бағасын негізсіз көтеру фактілерін анықтаған. Ол туралы филиал өклідері хабарлады.
Мысалы, «Қазаэронавигация» РМК тамызда 1 191 582 000 теңгеге «бағдарламалық-аппараттық кешен» сатып алуды жоспарлайды. Бұрын үш есе төмен бағамен сатып алған кешеннің құны неліктен еселеп шарықтап кеткені белгісіз.
Қоғамдық ұйым филиалының өтініші негізінде мұндай кешен сатып алынбайтын болды.
Айта кетерлігі, осындай бағаны негізсіз көтеру деректері Астана қаласы әкімдігінің №1 көпбейінді қалалық ауруханасында, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жол активтері сапасының ұлттық орталығында жол берілген.
Осы жағдайға қатысты қоғамдық ұйым өкілдері Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментіне хат жолдап, артынша тапсырыс берушілер тауарлардың нақты құнын ескере отырып, жоспарланған қаражат шығынын қайта қарады.
Осы жұмыстардың нәтижесінде бюджет 1 231 115 643 теңге қаражатын үнемдеп қалды.
Жемқорлық – кез келген мемлекетті түп-тамырымен құртатын басты факторлардың бірі. «Әділдік жолы» осы фактірге жол бермеу үшін үнемі тиісті жұмыс атқарып келеді. Мемлекеттік сатып алу саласындағы, сыбайлас-жемқорлық фактілері бойынша хабараламаларыңызды күтеміз, - деп жазады бірлестік.