2024 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге болады
Бұл 1 млн 800 мың адамның табысына әсер етеді
2024 жылдан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңге болады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре береді. Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін 3 жыл ішінде 2 есе көбейттік, - деді президент Қазақстан халқына Жолдауында.
Оның айтуынша, бұл шара 1 млн 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді.
«Жалпы еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуі керек. Жаңа экономикалық саясаттың қағидалары мен басымдықтарын нақты айқындаумен қатар, алдағы реформаларды сапалы әрі толық іске асыру өте маңызды. Оның табысты болуы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігіне, жауапкершілігіне және саяси ерік-жігеріне тікелей байланысты», - деп атап өтті Тоқаев.