Halyq Uni логотип
×

Атырауда «әкімдік қызметкері» зейнеткердің жарты млн теңгесін алып кеткен

Ол қолхат жазып, барлық деректі және қанша ақша беретінін көрсеткен

 Еркеғали Болатұлы 29.08.2023 | 10:46
Атырауда «әкімдік қызметкері» зейнеткердің жарты млн теңгесін алып кеткен
фото: Halyq Uni

Атырауда алаяқтар өздерін әкімдік қызметкері ретінде таныстырып, зейнеткердің жерлеу рәсіміне жинаған жарты миллион теңге көлеміндегі ақшасын алдап алған. Бұл туралы atpress.kz хабарлады.

Басылымға 72 жастағы қала тұрғынының қызы жүгінген. Алаяқтар зейнеткерге қызының жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған. Олар егде жастағы қала тұрғынын сендіріп, ота жасауға шұғыл ақша қажет екенін айтқан.

Олар жарты миллионды бір нөмірге аударуды сұраған. Бірақ анамның картасында мұндай ақша болмағандықтан, ол үйден алып кетуді сұраған. Анамның ақшасы болды, оны жерлеу рәсіміне жинап жүрген. Сонымен қатар, ол қолхат жазып, барлық деректі және қанша ақша беретінін көрсеткен. Оған бір қыз келген, анам ақшаны берген. Мұның бәрі 1 сағат ішінде болды. Полицияға жүгінген жоқпыз. Оның қан қысымы бар, денсаулығы үшін қорқамыз. Адамдар қалай алдайтынын бәрі білгенін қалаймыз. Әсіресе, зейнеткерлер, - дейді Лариса есімді тұрғын.

Атырау облысының әкімдігі азаматтардан алдап, сенімге кіретін алаяқтарға сенбеуді және қырағы болуын сұрайды.

«Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мұндай қоңыраулар мен хабарламаларға ешқандай қатысы жоқ екенін ескертеміз және облыс тұрғындарын алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуге, қырағы болуға, барлық күдікті жағдай туралы құзыретті органдарға хабарлауға шақырамыз», - делінген әкімдік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама