Halyq Uni логотип
×

Түркістанда дүкен иесі сатушысының атынан онлайн несие рәсімдеп алған

Полиция Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады

 Еркеғали Болатұлы 27.08.2023 | 10:11
Түркістанда дүкен иесі сатушысының атынан онлайн несие рәсімдеп алған
фото: Halyq Uni

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан 1,5 млн теңге онлайн несие рәсімдеп алған.

Жедел іздестіру шаралары барысында алаяқтық жасаған ер адам анықталды. Ол жәбірленушінің жұмыс берушісі – дүкен иесі болып шықты. Кәсіпкер сауданың кіріс-шығыс есебін тексеремін деген сылтаумен қол астындағы сатушының телефонын алып, банк қосымшасы арқылы онлайн несие рәсімдеген. Ал ақшаны өз пайдасына жұмсап жіберген.

Полиция Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Осы қылмыс үшін 4 мың АЕК-ке (13 800 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар я болмаса 4 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама