Биыл студенттердің шәкіртақысы 50 пайызға өседі – министр

Дәурен Ерболат

2024 жылы шәкіртақы көлемі тағы артады

фото: автор

Биыл еліміздегі колледж студенттерінің шәкіртақысы 50% артады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлады Halуq Uni тілшісі.

Министрдің айтуынша, былтырғы оқу жылында 517,3 мың жас 772 колледжде білім алған. Мемлекеттік тапсырыстың 60%-ы техникалық мамандықтарға қайта бағдарланған. 

Колледж студенттерін ынталандыру үшін биыл 1 қыркүйектен бастап, стипендияны кезең-кезеңімен 2 есе ұлғайту көзделеді: шәкіртақы 2023 жылы 50%, 2024 жылы 100% артады, - деді Ғани Бейсембаев республикалық Тамыз кеңесінде.

Бүгінде колледж студенттерінің шәкіртақысы – 20 948 теңге, ал үздік студенттер 24 090 теңге стипендия алады. Ал биыл 1 қыркүйектен бастап шәкіртақы 31 422 теңге болып, үздік студенттер 36 135 теңге алады.