Қазір полицияға оның арбауына түскен елордалық 7 тұрғын жүгініп отыр
Астана қаласы Алматы аудандық ПБ-ның тәртіп сақшылары Hi-Tech жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында астаналықтарды интернет ресурстары арқылы алдап кеткен Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтады.
Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті әйелдің Krisha.kz сайтына нарық құнынан төмен бағада елордада жоқ пәтерлерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялағаны белгілі болды.
Ол пәтер жалдауға ниет білдіргендердің көптігін сылтауратып, жәбірленушілерден мобильді банкинг арқылы 10 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейінгі алдын ала төлемді аударуды сұраған.
Полицияға бүгінге дейін алданған елордалық 7 тұрғын жүгінген.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір басқа да зардап шеккендер анықталу үстінде.