Еріктілер бюджет қаражатының заңсыз жұмсалуының алдын алды
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында Атырау еріктілері Исатай ауданының Аққыстау ауылындағы кентішілік жолдарды қайта жаңарту кезінде бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Достық және Абай көшелеріндегі асфальтбетон жабынының бұзылуы, шұңқырлар туралы ақпарат Антикорға жіберілді.
Исатай ауданы әкімдігінің лауазымды өкілдері Исатай аудандық ТКШ бөлімі мен «Информстройсервис» ЖШС арасында кентішілік жолдарды реконструкциялауға 1,4 млрд теңгеге жасалған қолданыстағы шарт шеңберінде атқарған жұмысы туралы жалған актілерге қол қойды, – делінген хабарламада.
СЖҚА-ның мәліметінше, департамент бұл фактіні растады. Нәтижесінде 78 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру қаупі анықталған.